19:58, 11 Қаңтар 2015 | GMT +5
Мәскеуде спайс саудасымен айналысатын қылмыстық топ ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде спайс саудасымен айналысатын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады ресей астанасының ЕБФҚ басқармасынан.
«Ресей ЕБФҚ Мәскеу бойынша басқарма қызметкерлері астананың Солтүстік округі аймағында спайс аталатын санатқа жатқызылған есірткі заттарын өткізумен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірді», - деп мәлім етті баспасөз қызметінің қызметкері.
Топ жетекшісі Қазақстанның 196 жылы туылған азаматы. Ол есірткіні сату, жеткізу мәселелерін шешіп, жалпы басқарумен айналысқан.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Вести.ру.