Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мәскеуде Сталиннің немересі автобус аялдамасында көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 81 жасқа қараған шағында кеңестік көсем Иосиф Сталиннің немересі Евгений Джугашвили дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Комсомольская правдаға" сілтеме жасап.

Мәскеуде Сталиннің немересі автобус аялдамасында көз жұмды

Евгений Джугашвилиді қоғамдық көлік аялдамасынан тапқан. Анықталғандай, есінен танып құлаған ер адам жедел жәрдем көлігі жеткенше көз жұмған.

Е.Джугашвили 1936 жылы 10 қаңтарда Иосиф Сталиннің үлкен ұлы Яков Джугашвилидің отбасында дүниеге келген. Әскери ғалым, сондай-ақ ресейлік, грузиндік қоғам және саясат қайраткері болған. Ол Ресей мен Грузияның азаматтығына ие еді және Мәскеу мен Тбилисиде тұрған. Өзінің атасы Иосиф Сталиннің ар-намысын қорғау мақсатында сот процестеріне қатысушы ретінде кең танымалдылыққа ие болды. Сондай-ақ Сталин туралы бірқатар фильмге түсті.