Мәскеуде танымал ғалым өз-өзіне қол жұмсады

LifeNews сайты атап өткендей, ер адам екі хат қалдырған. Онда «дерт салдарынан ауыруға шыдай алмағаны» туралы айтылған. Екіншісінде бұл жағдайға ешкімді кінәламауын сұраған.
Ғалымның әйелі Татьяна дәрігерлер тегін дәрілерді жазуды созбалаңға салмағанда, Алексей Калагин өз өмірін қимас еді деп отыр.
«Сараптамаларды да ақылы түрде жасауға мәжбүр болдық. Тегін дәрілерге қол жеткізуге бағытталған әрекеттерім нәтижесіз болды», - деген ғалымның жары.
Ол бастапқыда Алексей Калагин еуропалық клиникада емделіп, препараттарды сатып алып отырғаны туралы айтты. 2015 жылы қаңтар айында емделу үшін Ресейге оралған ғалым қажетті тегін препараттарды алуға өтініш білдіріп үлгермеді. РФ Тергеу комитетінің қызметкерлері суицид бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Егер ақ халаттылардың немқұрайлылық танытқаны анықталса, медициналық мекеме қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.