Мәскеуде тікұшақ суға құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Роббинсон-44» жеңіл тікұшағы Мәскеу өзеніне құлады. Оның ішінде бірнеше адам болған, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Тікұшақ Мәскеудің солтүстігіндегі Мякинино ауданы маңында өзенге құлаған. «Судан 4 адамды шығарып алдық, оның ішінде бір бала бар. Олар медициналық көмектен бас тартты», делінген РФ ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Оқиға болған жерге тергеушілер барып, болған жағдайдың мән-жайын толық анықтамақ. РФ ТЖМ хабарлуынша, өзенге жағармай төгілген жоқ.