Мәскеуде ТМД Сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 желтоқсан күні Мәскеуде "ТМД қатысушыларының экспорттық бақылау мен таратпау туралы өзара әрекеттестігі" тақырыбында ТМД аясындағы СІМ консультациялары өтеді. 

Мәскеуде ТМД Сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтеді

Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

 Кездесуде консультацияға қатысушылар экспорттық бақылаудың ұлттық жүйелеріндегі соңғы өзгерістерді және экспорттық бақылаудың көпжақты механизмдеріндегі (зымырандық технологияны бақылау режімі, Вассенаар уағдаластығы, Ядролық жеткізушілер тобы, Цангер комитеті) қағиданы талқылайды. 

 Одан бөлек, сыртқы саяси мекеме өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1540 Қарарының мәселенамасын, баллистикалық зымыранды таратудың алдын алу бойынша Гаага кодексі мен жаппай жою қаруын таратумен күрес бастамасын қарастырады.