Мәскеуде ТМД және Балтық елдері ұлттық кинематографияларының форумы өтеді

МӘСКЕУ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Тамыздың 28-і мен қыркүйектің 3-і аралығында ТМД және Балтық елдері ұлттық кинематографияларының ХІІІ форумы өтеді,

Мәскеуде ТМД және Балтық елдері ұлттық кинематографияларының форумы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. Оның бағдарламасына тоғыз толық метражды картина кіріп отыр.

Оның ішінде қазақстандық режисер Ақтан Әбдіқалықовтың «Анам үшін жұмақ» фильмі де бар. Ал Грузия мен Қазақстан кинематографистері бірігіп түсірген Георгий Овашвилидің картинасы «Басқа жағалау» деп аталады.

Форум қыркүйектің 3-інде «ТМД мен Балтық елдері аумағындағы бірлескен кино өндірісінің проблемалары» деген «дөңгелек үстелдегі» басқосумен жабылады.