Мәскеуде тонаушылар әйелдің 120 мың доллар салынған сөмкесін тартып алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстігінде белгісіз екі адам 33 жастағы әйелдің қолынан ішінде 120 мың доллар салынған сөмкесін жұлып алған, деп хабарлады сенбі күні РФ ІІМ Мәскеу қаласы бойынша МБ-ның баспасөз қызметінен.

Мәскеуде тонаушылар әйелдің 120 мың доллар салынған сөмкесін тартып алып кетті

Жұма күні Чонгар желекжолында белгісіз екі адам көліктен шығып, 33 жастағы әйелдің қолынан ішінде 120 мың доллар бар сөмкесін жұлып алып, дереу машинаға міне сала іздерін суытқан. Әйел бұл ақшаны валюта айырбастау пунктінде айырбастап, оған пәтер сатып алмақшы болған. Белгісіз адамдардың кетіп қалған көлігі іздеуде болғаны анықталды.