Мәскеуде туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 29 адам зардап шекті

None
None
МӘСКЕУ.ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеуде туристер мінген автобус апатқа ұшырап, он тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің мәлімдеуінше, апат салдарынан жалпы 29 адам зардап шеккен.

«29 адам зардап шеккен. Соның 19-ы қаладағы ауруханаларға жеткізілді. Олардың ішінде екі бала да бар. Қалғандарына оқиға орнында көмек көрсетілді», - дейді департамент өкілі.

Оқыс оқиға таңертең болған. Қытайлық туристер жалдаған автобус Шоссе Энтузиастов және 1-ші Владимир көшелерінің қиылысында жарық бағанына соғылған.

Қазір полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram