Мәскеуде тым көбейіп кеткен қарғалармен «сұңқарлар жасағы» күреседі
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Мәскеу өкіметі қалада көбейіп кеткен қарғалармен күресу үшін құс салудың оқу-әдістемелік орталығын құрмақ.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне Мәскеудің қоршаған ортаны қорғау департаментінен хабарлады.
«Красногорский» орман шаруашылығында биыл күзде сұңқар салудың оқу-әдістемелік орталығын құру жоспарлануда. Мамандардың бақылауынша, қарғалар басқа құстардың көбеюіне кедергі келтіруде, себебі олар құстардың ұяларын аяусыз ойран етуде. Қарғалардың санын азайту үшін «сұңқарлар жасағын» құру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.