Мәскеуде ҰҚШҰ саммитінде терроризммен күрес жөнінде мәлімдеме қабылдау жоспарлануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы дүйсенбіде Мәскеуде ҰҚШҰ саммитінде терроризммен күрес жөнінде мәлімдеме қабылдау жоспарлануда, деп хабарлады РФ Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Терроризммен күрес жөнінде мәлімдеме қабылдау жоспарлануда. Онда мүше елдердің осы қауіпке ортақ тәсілдері баяндалады», - деді ол Мәскеудегі брифингте.