Мәскеуде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған іс-шараларға 2,5 миллионнан астам адам атсалысады

ӘСКЕУ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мәскеуде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға 2,5 миллионнан астам адам қатысады.

Мәскеуде   Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған    іс-шараларға   2,5 миллионнан  астам адам атсалысады

Бұл туралы кеше, ақпанның 4-інде Мәскеу мэрі Юрия Лужков Жеңістің 65 жылдығын тойлауға әзірлік және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мәжілісінде мәлім етті.

Мәскеу мэрі атап көрсеткендей, Жеңіс күнін тойлау барысында Ресей елордасында көптеген ауқымды шаралар жоспарланып отыр. «Мәскеу аумағында өтетін алдағы мерекелік іс-шараларға 2,5 миллионнан астам адам атсалысады деп күтілуде»,- деп мәлім етті ол.

Заседание Оргкомитета Мәскеу мэрінің бірінші орынбасары Людмила Швецова өз баяндамасында хабарлағандай, қала аумағында тек қалалық қана емес, федералдық маңыздағы іс-шаралар өтеді. Бұл күндері Мәскеуге әлем елдерінен және Ресей аймақтарынан көптеген ресми делегациялар келеді деп күтілуде. Олардың құрамында Ұлы Отан соғысының ардагерлері де болады. Ал

Әскери парад, қалыптасқан дәстүр бойынша, Қызыл алаңда мамырдың 9-ы күні өтеді.