Мәскеуде «Уральские пельмени» шоу бағдарламасының түсірілімі жарылыс туралы хабарламадан кейін тоқтатылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қараша күні Мәскеудегі «Космос» қонақ үйінде жаңа жылдық «Уральские пельмени» шоу бағдарламасының түсірілімі жарылыс туралы телефон хабарламасынан кейін тоқтатылды, деп хабарлады «7 дней.ru».

Мәскеуде «Уральские пельмени» шоу бағдарламасының түсірілімі жарылыс туралы хабарламадан кейін тоқтатылды (ФОТО)

Қонақ үйдің концерт залына ТЖМ сапер бригадасы, жедел жәрдем көліктері тартылды. «Космос» қона үйінен тек шоу бағдарламасының түсіріліміне қатысушылар ғана емес, сонда тұрып жатқан және мейрамханалар мен кафелердегілерде қауіпсіз жерге шығарылды. Фото: 7 дней / Екатерина Бойко