Мәскеуде үш ит көлік ұрлап, апатқа ұшырап, оқиға орнынан қашып кеткен
АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Мәскеуде үш ит иесінің көлігін ұрлап кетіп, жол-көлік оқиғасна ұрынған. Онымен қоймай, тәртіп сақшыларының көзінше оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды РБК, «АльфаСтрахование» компаниясына сілтеме жасап.
Компания қызметкерлері оқиғанының шынайылығын айтып, ант-су ішкен көрінеді. «Көлік ұрлағыш иттерге» байланысты оқиға Мәскеудегі сауда орталықтарының бірінің тұрағында болған екен.
«Дүкеннен шыққан қымбат көліктің иесі - жас келіншек «умаждалып» қалған көлігін көріп төбе шашы тік тұрған. Ол жалма-жан апаттың кінәлісіне ұмтылған. Өз көлігіне соғылып тоқтаған көліктің есігін ашқанда, алдыңғы орындықтарға жайғасып алып, өзіне шебелене үрген үш иттен басқа ешкімді көре алмапты», - дейді сақтандыру компаниясының өкілдері. Салоннан адам баласын таба алмаған келіншек тіпті жүксалғышты да ашып көріпті.
Кейін белгілі болғандай, үш иттің иесі көлігін өшірместен, дүкенге кіріп кеткен көрінеді. Жәбірленуші келіншек оның көлігін де, «бұзық» иттерін де суретке түсіріп алады. Сосын оқиға орнына жол полициясы қызметкерлерін шақырып, тиісті құжаттарды толтыруға кіріседі. Толтырып болған соң қараса, жол-көлік оқиғасының кінәлілері оқиға орнынан көлікпен қоса «қашып» кетіпті. Иттер көлікті бірнеше ондаған метр жерге дейін жүргізіп апарған екен.
Оқиғаның толық нұсқасы мына жерде: http://www.rbcdaily.ru/2012/03/30/cnews/562949983407748