Мәскеуде Виктор Черномырдинмен қоштасу рәсімі өтті
МӘСКЕУ. 5 қараша. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков 1990 жылдардағы Ресейдің аса ірі саяси тұлғаларының бірі Виктор Черномырдинмен қоштасу рәсіміне қатысты,
деп хабарлайды дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Елшісі В.Черномырдиннің туысқандары мен жақындарына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан көңіл айту жеделхатын табыс етті», - делінген баспасөз айғағында.
Жерлеу рәсіміне танымал саяси және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар РФ Президенті Дмитрий Медведев пен РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин қатысты.
Осыған дейін хабарланғандай, Виктор Черномырдин 3 қарашада таңғы сағат 4-тің шамасында Мәскеудегі өз пәтерінде қайтыс болды.