Мәскеуде Внуково әуежайында жеке ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Внуково әуежайында Falcon жеке ұшағы қар жинаушы көлікке соғылып, апатқа ұшырады, деп хабарлады «ТАСС».

Мәскеуде Внуково әуежайында жеке ұшақ апатқа ұшырады

«Алдын ала мәлім болған деректер бойынша, ұшақ Мәскеуден Парижге бағыт алған. Апат салдарынан 5 адам қаза тапты. Оның 4-уі ұшақ бортындағылар болса, біреуі көлік жүргізушісі», - деді Мәскеу Халықаралық көліктегі тергеу басқармасының өкілі Татьяна Морозова.

Әуежай әзірге ұшақтарды қабылдап, ұшырып жатқан жоқ. Бірақ, ұшатын жолаушыларды тіркеу және қол жүктерін тексеру жүргізіліп жатыр.