Мәскеуде Высоцкий көшесі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу орталығында ресми түрде Владимир Высоцкий көшесін ашты, деп хабарлады Мәскеу облысының өңірлік ақпараттық агенттігі (РИАМО).
"Бүгін көптен күткен шараның өтуі - Владимир Высоцкийдің есімімен аталған жаңа көшенің ашылуы біз үшін аса маңызды оқиға. Таганский ауданының тұрғындары үшін оның есімі ерекше ыстық", - деді Таганский муниципалды округінің басшысы Илья Свиридов.