05:34, 04 Сәуір 2015 | GMT +5
Мәскеуде жәрмеңкелер маусымы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғындарды жергілікті өнімдермен қамту мақсатымен Ресей астанасында демалыс күндері ауылшаруашылығы өнімдерін сататын жәрмеңкелер жұмыс істейтін болады.

Бұл туралы khabar.kz жазады.
Жалпы Ресей астанысында 116 сауда алаңы ашылып, онда 11 аймақтың тауар өндірушілері өз өнімдерін сатпақ.
Батыс елдерінің санкцияларына дейін Ресей фермерлеріне Мәскеуде өз өнімдерін сату үшін бірталай кедергілерден өту керек болатын. Былтырдан бастап бұл мәселелер шешіле бастады.