Мәскеуде жарылғыш зат туралы хабарламалар қайта түсе бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Мәскеудің шұғыл қызметтеріне жарылғыш заттар туралы түскен хабарламалардан кейін қаланың  сауда үйлерінен 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
None
None

«Шұғыл қызметтер жарылыс қаупі туралы хабарламалардың түсуіне байланысты Калужский тасжолындағы "Мега Теплый Стан" сауда орталығын тексеруде. Бұл бүгіндікке Мәскеуде эвакуацияланған төртінші сауда орталығы. Барлығы бес мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды», - деп мәлімдеді агенттіктің сұхбаттасы.

Оның алдында, жексенбі күні кешқұрым Мәскеуде тағы үш сауда орталығынан - Хорошевский тасжолындағы «Хорошо!», Кутузовский даңғылындағы «Океания» және Манеж алаңындағы «Охотный ряд»-тан адамдар қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Еске салайық, жарылыс туралы осындай қоңырауларға сәйкес, 14 қыркүйек күні Мәскеудің сауда орталықтарынан , вокзалдары мен жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ бірнеше қонақүйінен 20 мыңнан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар