Мәскеуде жарылыс қаупіне байланысты мыңнан астам адам эвакуацияланды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - РФ Мәскеу және Мәскеу облысында жарылыс қаупі туралы түскен хабарламаға байланысты сауда орталықтары мен жоғары оқу орындары ғимараттарынан 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ТАСС құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
None
None

«Мәскеу мен Мәскеу облысына 20 нысанға мина қойылғаны туралы ақпарат түсті, тексеру кезінде 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды», - деді дереккөз.

Атап айтқанда, Мәскеу облысында Реутов және Коломнадағы екі сауда орталығынан 800 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ, Мәскеуде Ленин даңғылындағы «Рио» сауда орталығында адамдар қауіпсіз жерге шығарылған. Мәскеу технологиялық университетінде оқу процесі тоқтатылды. «Мина» қойылған ғимараттардың арасында "Ереван Плаза", "Европарк" сауда орталықтары, "Синема стар" кинотеатры болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар