Мәскеуде жерасты автоөткелі опырылды, құрбан болғандар бар
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеуде салынып жатқан жерасты автомобиль өткелі опырылып, бір жұмысшы мерт болды, тағы үшеуі құтқарылды, деп хабарлады РБК агенттігі Ресей ТЖМ Мәскеу бойынша бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға қаланың солтүстігіндегі «Сокол» метро стансасының маңында Алабян көшесінде болды. Құтқарушылардың мәліметтеріне қарағанда, 10-нан 20 шаршы метрге дейінгі аумақта жер опырылған.
Оқиға салдарынан 1963 жылғы бір жұмысшы қаза болды. Қалған жұмысшыларды құтқарушылар үйінді астына шығарып алды, олар ауруханаға жеткізілді.
Алабян-Балтық автомобиль өткелі Ленинград және Волокалам тас жолдарынң қиылысында салынып жатыр және ол Сокол жол айрығының құрамдас бөлігі. Оның ұзындығы 2 шақырым, бұған қала қазынасынан 63 млрд. теңге жұмсалуда.
Құрылыс 5 жылға жуық уақыт бойы жүргізіліп жатыр, өткел бойында қозалысты бастау жұмыстардың күрделілігіне байланысты бірнеше рет кейінгі ысырылды. Мәскеу мэрі Сергей Собянин өткелдің 2012 жылы мамыр айында ашылатынын айтты.