Мәскеуде жол-көлік апатында қазақстандық студент қазаға ұшырады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде 20 ақпанда Кравченко көшесіндегі жаяу адамдар өткелінің бірінде Қазақстанның екі азаматы, М.В.Ломоносов атындағы ММУ студенттері - 1994 ж.т. Иван Ламонов пен 1995 ж.т. Анна Сливкинаны машина қағып кетті.

Мәскеуде жол-көлік апатында қазақстандық студент қазаға ұшырады

Жол-көлік оқиғасы Мәскеу уақытымен сағат 21.00 шамасында болды. Кісі өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын Skoda Octavia автомашинасын жүргізіп келе жатқан РФ азаматы, 1951 ж.т. Карабельников жасады. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Мәскеу қаласының 1-ші қалалық ауруханасына жеткізілді.

23 ақпанда И.Ламонов алған жарақаттарынан (бас миына зақым келуі, көптеген сынықтар) есін жимастан көз жұмды, 24 ақпанда И.Ламоновтың денесі отанына жіберілді.

А.Сливкинаның жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалауда, осыған байланысты ол жалпы палатаға ауыстырылды.

Қазіргі кезде РФ құқық қорғау және тергеу орындары тиісті тергеу амалдарын жүргізуде.

ҚР-ның РФ-дағы Елшілігі тарапынан зардап шеккендердің туыстарына қажетті консульдық-құқықтық көмек көрсетілуде.