Мәскеуде жолаушылар автобусы сауда орталығына кіріп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстігінде жолаушылар автобусы сауда орталығына кіріп кетті, екі сатып алушы зардап шекті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС мемлекеттік автоинспекцияға сілтеме жасап.
Оқиға Фестивальная көшесінде орналасқан сауда үйінде болды.
«Себебі анықталмаған жолаушылар автобусы «Өзен вокзалы» метросы стансасының жанында орналасқан сауда орталығының витринасын сындырып, магазинге кіріп кетті. Жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ, екі сатып алушы әртүрлі жарақат алды», - деп хабарлады басқармадан.