18:57, 27 Сәуір 2014 | GMT +5
Мәскеуде жолда жүріп келе жатқан көлік жарылған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде жүріп келе жатқан жеңіл көлік жарылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің артына салынған газ баллоны жарылып кеткен. Жарылыс болған мезетте көлік ішінен бір жолаушы атып шыққан. Ал жүргізушінің өзі болса көлікті тоқтатқаннан кейін ғана көрінді. Олар зәресі ұшып, шошып қалған.
Жарылыс болған сәт «Жигулидің» соңында келе жатқан көліктің бейнетіркеуішіне жазылып қалған. Бейнетаспа ғаламторға қойылғаннан кейін халық арасында қызу пікір тудырды, деп хабарлайды 24.kz.