Мәскеуде жұмыссыздардың 700 мың долларын ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеудің оңтүстік-шығысында бетперде киген қарақшылар  екі жұмыссызға шабуыл жасап, ақша толы сөмкесін алып кеткен.

Мәскеуде жұмыссыздардың 700 мың долларын ұрлап кетті

Төрт ұры олардың бетіне газ баллонын шашқан көрінеді.

Баукеспелердің алып кеткен ақшасының сомасы таң қалдырады: сөмкеде 700 мың доллар, яғни рубльге шаққанда 41 млн ақша болған, деп жазады Mash.

Келеңсіз жағдай Люблинск көшесінде 18 қазан күні кешкісін болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.