Мәскеуде жылжымалы мешіт пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде жылжымалы мешіт пайда болды, деп хабарлады www.24.kz.
Аталған жоба автобустың көмегімен жүзеге асырылды. Жылжымалы мешітте дәрет алатын және намаз бөлмесі бар. Мұнда бір мезетте 6-7 адам намазға жығыла алады. Келесі аптадан бастап жылжымалы мешітті интернет арқылы қаланың кез келген жеріне шақыртуға болады. Аталған қызмет түрі тегін көрсетілуде. Бүгіндері Ресей астанасында 2 миллион мұсылман өмір сүреді. Алайда қалада бар жоғы 4 мешіт қана жұмыс істеуде.