Мәскеуде ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті

МӘСКЕУ.KAZINFORM - Бүгін Ресей астанасында ауа температурасы 30,5 градусқа дейін көтеріліп, рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы Гидрометорталықтың сайтында хабарланды, деп хабарлады Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Аптап ыстық Германияға жетті
Фото: Рixabay

Мәскеу уақытымен сағат 15:10-дағы көрсеткіш бойынша, «Краснопресненская» метро станциясының маңындағы ведомство ғимаратының шатырында орналасқан метеостанция 30,5 градус жылыны көрсетті.

Мұндай ауа температурасы 1979 жылы болған, ол кезде ауа 30,2 градусқа дейін жылыған. 19 мамыр ең суық күн 1893 жылы болып, температура -2,2 градусқа дейін төмендеген.

Бұдан бұрын 2026 жылдың маусымына қарай Тынық мұхитының орталық және шығыс бөлігінде Эль-Ниньо құбылысы қалыптасуы мүмкін екені туралы жаздық. Мамандардың айтуынша, бұл әлем бойынша температураның күрт көтерілуіне себеп болуы ықтимал.