Мәскеудегі референдум өтіп жатқан учаскеде қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

МӘСКЕУ. KAZINFORM - Мәскеуде тұратын Қазақстан азаматтары жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдумға дауыс беру үшін № 429 учаскеге, яғни Қазақстан Республикасының Елшілігіне келіп жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Ресейдегі меншікті тілшісі хабарлайды.

Высокая активность казахстанцев наблюдается на участке референдума в Москве
Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі

есей аумағында дауыс беру үшін барлығы бес учаске ашылған. Олар Мәскеуде, сондай-ақ Қазақстанның Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбы қалаларындағы Бас консулдықтарының ғимараттарында орналасқан.

Мәскеудегі учаскеде сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Демалыс күні болғанына қарамастан, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-дегі жағдайға сәйкес, дауыс беруге келгендердің үлесі 50 пайыздан асты.

Высокая активность казахстанцев наблюдается на участке референдума в Москве
Фото: Бекбау Тайманов/Kazinform

Дауыс бергендердің қатарында Бакытжан Сағынтаев та бар. Ол — Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы.

Высокая активность казахстанцев наблюдается на участке референдума в Москве
Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі

ТМД байқаушылар миссиясының өкілі, ТМД Атқару комитеті департаменті директорының орынбасары Алексей Третьяков халықаралық қоғамдық байқау азаматтардың сайлау үдерістеріне деген сенімін қамтамасыз ететін маңызды тетік екенін айтты.

Оның сөзінше, бұл бағытта тараптар арасында тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылған, ал Астанада ертеден бастап бақылау жүргізілген штаб жұмыс істеген.

Высокая активность казахстанцев наблюдается на участке референдума в Москве
Фото: Бекбау Тайманов/Kazinform

— Мұнда, Мәскеудегі Елшілікте референдумға дайындық өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Азаматтарды хабардар ету, сайлаушылар тізімін жасау, дауыс беру өтетін орындарды әзірлеу, комиссия мүшелерін дайындау жұмыстары жүргізілген. Комиссия төрағасы, хатшысы және барлық мүшелері — жоғары дайындықтан өткен кәсіби мамандар, — деді ол.

Осыған дейін Қазақстан жастары Әзербайжанда белсенді дауыс беріп жатқаны туралы жаздық.