Мәскеудегі апат: Жүк көлігі мен алты автомашина соқтығысты,

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің шығысында болған ірі жол-көлік апатынан бір адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті. Бұл туралы ТАСС-қа астаналық Мемлекеттік жол қауіпсіздігі қозғалысы басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған.
None
None

«Жексенбіде мәскеу уақытымен 22:35 шамасында Новосходненский жолында жүк көлігі мен алты машинаның соқтығысуы орын алды. Бір адам мерт болып, жеті адам жарақаттанды»,-делінген хабарламада.

Оқиға орнында Мемлекеттік жол қауіпсіздігі қозғалысы басқармасының қызметкерлері жұмыс жасауда. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары және оған қатысушылардың қандай дәрежеде айыпты екендігі тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар