Мәскеудегі дауылдан ажал құшқандардың саны 17 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 29 мамырда болған дауылдан кейін ауруханаға жеткізілген ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Мәскеу үкіметінің денсаулық сақтау департаментінен.
Ауруханада әлі дауылдан зардап шеккен сегіз адам жатыр.
«Тағы бір адам қайтыс болды. Қазір ауруханада дауылдан зардап шеккен сегіз адам жатыр. Біреуінің жағдайы ауыр», - деген департамент өкілінің сөзін келтірді РИА Новости агенттігі.
Зардап шеккендердің ішінде үш ер адам, төрт әйел, үш жасар бала бар. Олардың 4-еуі орташа ауыр жағдайда.
Осы сәтке дейін 29 мамырда Мәскеуде болған дауылдан 17 адам қайтыс болды, оның 11-і -Мәскеуде, 6-ауы - Мәскеу маңынан. БАҚ деректеріне сәйкес жел екпіні мыңдаған ағаштарды құлатып, 30-дан астам үйдің шатырын жұлып кеткен. Ауа райының тосын мінезі Мәскеу облысында 18 мыңнан астам адамды жарықсыз қалдырды.
200-ге жуық адам зардап шекті.