Мәскеудегі Горький саябағында үш адамға оқ атылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Горький саябағында белгісіз біреу үш адамға травматикалық тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды Утро.ру.
Саябақта серуендеп жүрген келушілер тобына бірнеше адам шабуылдап, оларға арматура шыбықтарымен соққылар жасай бастады.
Төбелес орын алып, соның барысында шабуыл жасағандардың бірі травматикалық тапанша алып шығып, оқ жаудыра бастады.