Мәскеудегі қазақ диаспорасы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесерін жасады

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Мәскеудегі қазақ диаспорасы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінде Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолшбасшы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған «Аңызға айналған батыр» атты кітаптың тұсаукесерін жасады.
None
None

Кітап Б.Момышұлының 100 жылдығына орай «Ескерткіш қоры» Шығыс Пруссияда қаза тапқан кеңес әскерлерін еске алу қоры» мен қазақ меценаттарының қолдауымен жарыққа шықты.

Бүгін таңертең ресейлік делегация Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұлова ескерткіштеріне, сонымен қатар Астанадағы Отан қорғаушылар монументіндегі Мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне қатысты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум