Мәскеудегі қазақстандықтар: біздің азаматтардың жауапты ұстанымын байқау көңілге қуаныш сезімін сыйлайды (ФОТО)
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - РФ-дағы ҚР Елшілігі жанындағы №215 сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттар сайлауда дауыс берушілердің көңіл-күйі көтеріңкі екені байқалады.
Мәскеуде дауыс беріп жатқан қазақстандықтардың бірі қызметтік іссапарда жүрген «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» РФ-дағы АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Еркебұлан Баяхметов атап өткендей, азаматтарымыздың жауапты азаматтық ұстанымын, олардың көтеріңкі көңіл-күйін байқау, еліңнің дамуына үлес қосып жатқаныңды сезіну көңілге ерекше қуаныш сезімін сыйлайды.
«Біз де Қазақстаннан келдік. Мәскеуде іссапардамыз. Соған қарамастан ерте тұрып, өз таңдаумызды жасау үшін сайлау учаскесіне келдік. Бұл ел үшін маңызды, қажетті тақырып. Әрі қарай қай бағытқа бет түзейтінімізді айқындауымыз қажет», - деді ол.