Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен «жұлдыздар матчына» «Барыс» командасының қорғаушысы қатысты

МӘСКЕУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Сенбі күні Мәскеудегі Қызыл алаңда құрлықтық хоккей лигасының тарихындағы алғашқы «жұлдыздар матчы» өтті. Ол ойынға астаналық «Барыс» клубының канадалық легионері Кевин Даллмэн қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Спорттық думан Қызыл алаңда арнайы құйылған мұз айдынында өтті. Мәскеудегі 15 градустық аязға қарамастан, спорт мерекесін тамашалауға 2 мыңдай адам жиналды. Құрлықтық хоккей лигасының жетекші хоккейшілері әлемге танымал шабуылшылар Алексей Яшин мен Яромир Ягр бастаған құрама командалардың қатарында өнер көрсетті. Кездесудің жолдастық ойын болғанына қарамастан, екі команда да қызу да, тартымды ойын көрсете білді. Хоккейшілер үлкен жылдамдықпен және асқан шеберлікпен ойнап, жеңіске деген талпыныстарын жасырмады. Нәтижесінде құрамында «барыстық» Кевин Даллмэн ойнаған «Ягр тим» легионерлері жеңімпаз атанды. Құрлықтық лиганың регламенті бойынша, «Барыс» өзінің келесі ойынын қаңтардың 15-інде Новгородта жергілікті «Торпедо» клубымен өткізеді.
Соңғы жаңалықтар