Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс парады өтті
Парадты РФ Қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу қабылдады.
РФ президенті Владимир Путин қонақтар мен қатысушыларды құттықтады.
«Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймын. Бұл - әр отбасы үшін ең ерекше мереке болып қала бермек. 73 жыл бұрын Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, ұлтшылдыққа және сойқандыққа тосқауыл қойылды. Елі үшін қаза тапқан жауынгерлерді еске алу - парызымыз», - деді Владимир Путин.
Қызыл алаңда 13 мың әскери қызметші сап түзеді. Сондай-ақ, мерекеге қатысушылар мен қонақтар 150-ден астам әскери техниканы тамашалады. Қызыл алаңнан 75 ұшақ пен тікұшақ ұшып өтті.
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 73 жылдығына арналған мерекелік парадқа Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Сербия Республикасының президенті Александр Вучич, сондай-ақ дипломаттар мен ресми тұлғалар қатысты.