17:18, 22 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Мәскеудегі метрода жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу метросының «Коломенская» станциясында жарылыс болды. Оның салдарынан жеті адам зардап шекті, деп жазады life.ru.

Куәгерлердің айтуынша, жөндеу жұмыстары кезінде газ баллоны жарылған. Соның салдарынан барлық жерді түтін басты. Оқиға орын алған жерге медиктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.
Мемлекеттік тергеу басқармасының тергеушілері жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Алдын ала деректер бойынша, «Рост-Е» АҚҚ фирмасының жұмысшылары дәнекерлеу кезінде газ баллонын зақымдап алған. Сондай-ақ, құрылысшылар станса қызметкерлеріне жоспарланған жұмыстар тізімін бермеген.
«Коломенская» стансасындағы газ дәнекерлеу жұмыстары туралы да хабарланбаған. Мәскеу метрополитенінің басшысы Дмитрий Пеговтың мәлімдеуінше, «Коломенская» стансасының жөндеу жұмыстарын жүргізетін компания уақытша жобадан шеттетілді.