Мәскеудегі парад: Қазақ сарбаздары соғыста өздерін лайықты көрсете білді - ардагер Михайлик

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Кеңес әскери қайраткері, Александр Невский орденінің иегері, отставкадағы генерал-лейтенант, майдангер Дмитрий Иванович Михайлик ҰОС Жеңісінің 71 жылдығына арналған парад жайында және фашизмге қарсы шайқасқа қатысқан қазақстандықтар туралы өз пікірін білдірді.

Мәскеудегі парад: Қазақ сарбаздары соғыста өздерін лайықты көрсете білді -  ардагер Михайлик

«Соғыстың, жеңістің не екенін жақсы білемін», - деді ол.

Ол соғыс тарихын, оның ішінде панфиловшылар ерлігін бұрмалау әрекетін айыптады.

«Тарихты бұрамалғандардың әрекетін түсінгім келмейді», - деп атап өтті Д. Михайлик.

Ардагер өзінің қазақтармен иық тіресіп айқасқанын, олар сарбаз ретінде өздерін лайықты көрсете білгеніне баса тоқталды.

«Ротада, батальонда барша Кеңес одағының әскерлері болды, қазақтар да бар. Олар өздерінің мықты екендіктерін лайықты көрсете білді. Қазақтармен бірге ел қорғауда бір болғаныма қуаныштымын. Бүгін де міне, парадқа Қазақстан Президенті қатысып отыр», - деген ойымен бөлісті ол.