Мәскеудегі парадқа Қазақстаннан 6 соғыс ардагері барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі парадқа Қазақстаннан 6 ҰОС ардагері барады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейірлан Нарынбетов мәлім етті.

Мәскеудегі парадқа Қазақстаннан 6 соғыс ардагері барады

«Мәскеудегі парадқа Қазақстаннан 6 соғыс ардагері барады және оның ішінде біреуі - Астанадан. Ардагермен бірге қаладағы әскери госпитальдің бас дәрігері еріп барады. Еліміздің ардагерлері Мәскеуге 7 мамырда аттанады. Оларды Ресей Президенті қабылдайды деп күтілуде. Атап айтқанда, біздің ардагерлерді қарсы алу, олар қатысатын шаралар кестесі бекітілген»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Мәскеу тарапынан елімізден 6 ардагерге квота берілген. «70 жылдық ауқымды көлемде аталып өткендіктен, РФ астанасына келіп жатқан меймандардың қарасы қалың. Өйткені, бұл атаулы датаға ерекше мән беріліп отыр»,-деді М. Нарынбетов.