Мәскеудегі РҒА ғимаратының 13-қабаты терезесінен ғалым құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстігіндегі РҒА ғимараты корпусының бірінің терезесінен қызметкер құлап кетті. Ол сол жерде ажал құшты, деп хабарлайды "Комсомольская правда" сайты.

Мәскеудегі РҒА ғимаратының 13-қабаты терезесінен ғалым құлады

58 жастағы Анатолий Грушевский 13-ші қабаттан құлады. Алынған жарақаттар салдарынан мерт болды.

Гүлзарды суарып жүрген ер адам ғалым мәйітінің үстінен шыққан. Тергеу комитеті болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Келеңсіз жағдай орын алған ғимаратта РҒА бүкілресейлік ғылыми және техникалық ақпарат институты орналасқан.