Мәскеудегі сайлау учаскесінде 900-ден астам қазақстандық дауыс берді (ФОТО)

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеудегі сайлау учаскесінде азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейі байқалуда. №215 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, РФ-дағы ҚР Елшілігінің Кеңесші-Елшісі Виктор Темірбаев хабарлағандай, қазір Мәскеуде 900-ден астам қазақстандық дауыс берді.

Мәскеудегі сайлау учаскесінде  900-ден астам қазақстандық дауыс берді (ФОТО)

«Қазіргі уақытта Ресейде барлығы 2200-ден астам қазақстандық дауыс берді», - деді В.Темірбаев.

Мәскеудегі учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы атап өткендей, Омбыдағы сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.

«Омбыда дауыс бергендердің жалпы саны 471 адамды (97,04%) құрады. РФ бойынша өзге сайлау учаскелері жұмысын жалғастырып жатыр», - деп хабарлады В.Темірбаев.
null null null null