Мәскеудегі Вьетнам елшілігінің жанындағы постында милиционер өзін-өзі атып өлтірді

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Вьетнам елшілігін күзетіп тұрған милиция қызметкері жорамал бойынша сейсенбіге қараған түні өзін-өзі атып өлтірді. Бұл туралы Ресей астанасы құқық қорғау органдарындағы дерек көзі хабарлап отыр, деп жазады Утро.ру.
None
None

«1967 жылы туған милиция капитаны тексеруші тарапынан түнгі сағат 02.30 кезінде табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз кеудесінен қызметтік Макаров тапаншасынан ату арқылы, қаза тапқан», - дейді милиция қызметкері. Оның хабарлауынша, мұндай қадамға баруына милиция қызметкерінің отбасындағы кикілжіңдер себеп болған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум