Мәскеуден Адлерге алғашқы екі қабатты пойыз сапарға шықты

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қазан вокзалынан екі қабатты пойыз бірінші рет жолға шықты. Ол Мәскеу-Адлер бағыты бойынша 25 сағат бойы жолда болады.

Мәскеуден Адлерге алғашқы екі қабатты пойыз сапарға шықты

Сочи Олимпиадасына арнап шығарылған екі қабатты пойыздар ойындарды өткізу кезіндегі жолаушылар ағынын шешуге арналған. Мұндай пойыз арқылы қатынау жай пойызға қарағанда 1 мың рубльге арзанға түседі.