Мәскеуден ұшқан ұшақтың шассиі дұрыс түспей, апатты жағдайда Прага әуежайына қонды
АСТАНА. 14 мамыр, ҚазАқпарат - «Аэрофлот» әуекомпаниясының А-320 ұшағы шассиі дұрыс түспей, апатты жағдайда Прага әуежайына қонды. РБК мәліметінше, бұл туралы әуе диспетчерлік қызметтегі дереккөз хабарлаған.
Оның айтуынша, қону барысында шассидің негізгі тіреуіндегі дөңгелектер сынып кеткен. Мәскеуден ұшқан А-320 ұшағының бортында 70 жолаушы болған, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Әуекомпания бұл ақпаратты растады.