Мәскеудің 5 вокзалынан мыңнан астам адам эвакуацияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласының 5 вокзалынан 1,2 мыңнан астам адам жарылыс болуы мүмкін деген қауіпке байланысты эвакуацияланды, деп хабарлады ТАСС.
«Курск, Қазан, Ленинград, Ярослав, Беларусь вокзалдарынан жолаушылар мен қызметкерлер шығарылды. Полиция вокзал аумағында жарылғыш затты іздеді, оқиға орнында кинологтар қызмет етті», делінген полиция мәліметінде.
Беларусь, Курск вокзаладарында жарылғыш зат табылмады, қалғандарында іздеу жұмыстары жалғасуда, деп жазады ТАСС.