Мәскеудің оңтүстігінде Қырғызстан азаматын өлтіріп кетті
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстігінде Қырғызстан азаматын өлтіріп кетті. Қылмыс Нагатинский Затон ауданында орын алды,
деп хабарлайды РБК.
Қырғызстандық азамат ең алдымен соққыға жығылып, одан кейін алған пышақ жарақатынан қаза тапты. Алдын ала тергеу бойынша, зардап шеккен азаматты шамамен он бес адамнан құралған топ соққыға жыққан.
Жедел іс-шараларды басқарып отыру үшін оқиға орнына Мәскеу ІІББ бастығы Владимир Колокольцев келді, деп хабарлайды «Россия 24» телеарнасы.