Мәскеудің орталығы су астында қалды

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат  - Мәскеуде жұма күні күндіз нөсерлі жаңбыр жауды. Астаналық көшелердің басым бөлігі су астында қалды. Дәмханада отырған балаларға жай түсіп, зардап шекті. Бұл туралы Утро. ру жазады. 

Мәскеудің орталығы су астында қалды

Оқиғаның куәсі болғандардың айтуынша, шатыр-шұтыр соққан найзағай Мәскеудің орталығы мен оңтүстігінде болды. Twitter-дің қолданушылары жазғандай, Покровский көшесі бойындағы ауданда жарық өшіп қалды. Адамдардың айтуынша, Ярослав тас жолында, Сокольник және Садовой-Спасский көшелерінде кейбір учаскелер бел ортадан келетін судың астында қалды», - деді Lifenews.ru мәскеуліктердің сөзін келтіре отырып.

Курск теміржолында теміржол тораптарын су басып қалды. Дегенмен, астаналық басқармаларда Мәскеуде төтенше жағдай орын алмағандығын алға тартуда.

Сонымен қатар ,Строгино ауданында орналасқан саябақта жазғы дәмхананың жанындағы ағашқа жай түскен. Бұл кезде 3 жасар ұл бала мен 14 жастағы қыз жаңбырдан тығылып тұрған. Екі баланы да күйік шалды.

Тағы да екі адам Мәскеу облысында найзағайдың салдарынан қаза болды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін Мәскеуде нөсерлі жаңбыр жауады.