Мәскеудің орталығында Ресей қорғаныс министрлігінің ғимараты өртенуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің орталығында РФ қорғаныс министрлігі ғимараттарының бірі өртеніп жатыр, төтенше оқиға орнына бес баллдық бағанмен күрделілігі үшінші санат бойынша өрт сөндіру күштері шақырылды. Бұл туралы ТАСС-қа астананың құқық қорғау органдары хабарлады.

Мәскеудің орталығында Ресей қорғаныс министрлігінің ғимараты өртенуде

Знаменка көшесіндегі РФ қорғаныс министрлігі иелігіндегі бес қабатты ғимараттың үшінші қабатында өрт шықты. Ғимараттан бес адам құтқарылды. ТЖМ қызметкерлері өрт ошағын іздеуде», - деді агенттік сұхбаттасушысы.

Өрт аумағы 50 шаршыметрді шарпыды, зардап шеккендер жоқ.

«Өрт бес қабатты үйдің 3-ші қабатында болды. Өрт ауданы 50 шаршы метрді қамтыды. Төтенше жағдай орнында өрт-құтқару бөлімдерінің бірнеше жасақтары жұмыс жасауда», - деді сұхбаттасушы.