Мәскеудің орталығында жаппай төбелес орын алды, жапа шеккендер бар
АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Мәскеудің орталығында жаппай төбелес орын алған, деп хабарлайды РБК.
30 адам өзара жаға жыртысып, соның салдарынан 3 адам ауруханаға жеткізілді.
Мәскеулік құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзінің айтуынша, оқыс оқиға «Кузнецк көпірі» метро стансасының ауданында «Камчатка» барының маңында орын алған.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен кезде, бір-бірімен шекісіп қалғандар табандарын жалтыратып үлгерген. Ал оқиға орнында қалған 3 жапа шегуші ауруханаға жеткізілді.
Әзірге жаппай төбелестің себептері белгісіз. Бүгінде қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде.