Мәскеудің солтүстік шығысындағы қоймада болған ірі өрт сөндірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстік-шығысындағы Полярная көшесінде орналасқан қойма ғимаратында шыққан ірі өрт сөндірілді. Бұл туралы ТАСС-қа Мәскеу қалалық ТЖМ ББ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазіргі таңда өрт сөндірілді», - деді агенттіктің дереккөзі.
ТЖМ дерегі бойынша, Ресей ТЖМ Мәскеу бойынша Бас басқармасы Дағдарысты жағдайды басқару орталығының кезекші бөліміне Полярная көшесіндегі екі қабатты ғимаратта шыққан өрт туралы хабарлама 16 тамыз күні сағат 23:04-те түскен. Өрттің күрделілігі бойынша мүмкін болған бес нөмірдің үшінші нөмірі беріліп, өрт сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды. Тілсіз жау 15 мың текше метр аумақты шарпып үлгерген. Ешкім зардап шекпеді.