Мәскеуге бара жатқан жолда танк аударылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу облысында Наро-Фоминский аумағындағы жолда кеше әскери танк аударылып қалды.
Келеңсіз жағдай қаладағыОгородный көшесінде орын алды.
Мәскеу уақытымен сағат 15-тер шамасында колоннаға ілесіп келе жатқан танк бұрылыста аударылып кеткен. Танктің жанып кетуінен қауіптенген әскери қызметшілер дереу шығып үлгерген.Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір әскери бөлімнен техника келді. Олар танкіні көтеріп, әскери бөлімге алып кетпек, деп хабарлайды life.ru.