Мәскеуге бет алған әуе рейсі Қарағандыда бірнеше сағат бөгеліп қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Техникалық ақауларға байланысты «Аэрофлот» әуе компаниясының «Қарағанды-Мәскеу» рейс борты Қарағандының «Сарыарқа» әуежайынан ұша алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәскеуге бет алған әуе рейсі Қарағандыда бірнеше сағат бөгеліп қалды

«Техникалық себептер. Нақты не екенін айта алмаймын. Ұшақ өз уақытымен жетіп, таңғы алтыда сәтті қонған. Экипаж шешімімен жолаушылар үш сағат бойы ұшақ салонында отырды. Одан кейін әуе рейсін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды», - деп тасымалдау басшысының орынбасары Әсел Елубаева пікір білдірді. - Онда 130 жолаушы болған. Кей жолаушылар үйлеріне қайтты, ал қалғандарын қонақ үйге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Оқыс жағдай әрине, дегенмен тезірек реттеуге тырысамыз».

Әуежайдың хабарлауынша, әуе рейсі 17:30-да көкке көтеріледі. Ұшақ тексеруге жіберіліп, орнына өзге борт келеді деп күтілуде. Болжам бойынша, ұшақтың жүк бөлігінің гидравликасы қатып қалуы мүмкін.